Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 21.02.2018, 19:52

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [29]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [7]
Внеклассное чтение [16]
География [23]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [49]
Информатика [61]
История [57]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [50]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [195]
Математика [87]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [43]
Музыка [107]
Начальная школа [408]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [135]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [21]
Технология [21]
Физика [21]
Химия [31]
Экологическое воспитание [14]
Самопознание [37]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1626
Статистика

Онлайн всего: 13
Гостей: 13
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Книжная полка

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫНЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫНЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ

Мүслімова Сара Сағындыққызы,
Шалқар ауданы,
Бозой орта мектебі

«Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат,
қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек.»
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы» Заңына мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы,жеке адамның дарындылығын дамыту» - Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіл адамзаттық құндылықтар,ұлттық рухани мұралар,адамгершілік пен ізгілік,елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан,тәні және жаны сұлу,өзіне өзі сенімді,ғылыми –теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.
Бүгінгі таңда озық ойлы пікірмен қалыптасқан, өркениеті дамыған елімізде елең еткізер шәкірттер саны көбеюде. Олардың қабілетін ерте бастан танып, татымды ой айқызып, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу-әрбір ұстаздың міндеті.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мұғалімдердің республикалық ІІІ съезінде «Бүгінгі жастарымыз – еліміздің болашағы. Оларды қазірден бастап жан-жақты толысқан адам ретінде тәрбиелеу міндеті тұр,»- деген болатын.
Жаңа ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа мазмұны жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Оқыту нәтижеге көзделіп, оқушының өздігінше білім алып өзін-өзі дамыту қасиеттерін қалыптастыру- ҚР Білім беру моделінің мақсаты. Бұл білім парадигмасының өзгеруімен байланысты білім берудегі ескі мазмұнының орнына жаңасы келуде.
Білім беруде жаңа мақсатты іске асыруда дәстүрлі технологияның деңгейі жетпейді, сондықтан орнына жаңа педагогикалық технология қолданылуда. Оқушының білімді саналы қабылдауы үшін біз үнемі оқу- тәрбие үрдісінде әр оқушының тұлға ретінде ерекшеліктерін екшей отырып, дарындарын дамыту арқылы, ойларын өз беттерімен саралап, түйіндеп нақтылы қорытындыға жету мақсатында оқушының шығармашылық қабілетін өз бетімен дамытуға басшылық жасаймыз.
Елбасы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайтуымыз керек...» -екендігін атап айтты.
Елбасының алға қойып отырған, ұзақ мерзімге арналған өркендеу, даму, тәуелсіздікті баянды ету жоспарын қазіргі біз тәрбиелеп отырған жас өспірімдер іске асырмақшы.
Дүниенің тұтқасы, туған жердің түлетушісі – оның адамы. Қоғамды ілгері бастыратын, тарих дөңгелегін айналдырушы ¬-- дарынды адамдар.
Қоғамның асыл қазынасы – оның жасампаз рухани дамуының кемеліне келген дарынды тұлғалары.
Ұстаз жас жеткіншектердің жан-жақты дамуын, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденіс жолында болуы керек.
Оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі- өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен өзіндік тұжырымдарды орынды пайдалана білгені абзал. Бұл салада дарынды шыңдау, оған үлгі өнеге беруде ұйымдастыру жұмыстарының сан қырына оның өзекті салаларына баса назар аудару және жас талантқа үміт арту олардың жүрек сезімін ояту, оның көкейіндегі мақсат- мұраттарына қозғау салудың психологиялық, педагогикалық әсері қатпарлы, аса қиын, әрі күрделі мәселе.
Талапкер шәкірттің ынталы оқып, ғылым мен білімге ден қоюы, ойда тұрған мақсаттарына жету жолында табандылық көрсетуі қажетті сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу- педагогика, психология ғылымдарының бүгінгі таңдағы кезек күттірмес мақсаты болып отыр. Бұл жас дарынды тәрбиелеу және оны ғылыми ізденіске жетелеу ұстазға үлкен жауапкершілік жүктеп, үздіксіз шығармашылық ізденіске бастайды.
Жас дарынды шығармашылық жұмысқа тәрбиелеу, оның қабілетін ашу, санасында жылт еткен шоқты үрлеп, үлкен жалынға айналдыру әрбір ұстаздың әдіскерлік шеберлігімен парасат- пайымының нақты көрсеткіші екені айқын.
Жалпы дарындылық- зердеден өзгеше, индивиттік өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілеті. «Дарындылық – тұжырымдамасының» анықтамасында:
Дарындылық – бұл белгілі бір салада нәтижесі айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер әлеуеті мол бала» (Н.С.Лейтис). Дарындылық--ең алдымен сана мен жүйкенің сапалық көрінісі.
Сонымен қатар атақты психолог Н.С.Лейтис «Дарынды – баланың басқалардан ерекшлігі – ой еңбегіне деген бейімділігі, жаңа хабар, жаңа білімді алуға үнемі қажетсінуі,» - деген.
Мектептегі жалпы дарынды оқушымен жұмыс жетекшісі идеялар мен тұжырымдамаларды қалыптастырудан басталады.
Мектеп басшылары мен дарын жетекшілерінің міндеті:
1. Педагогикалық ғылымның адамгершілік дәстүрін дамыту;
2. Оқытуды демократизациялау;
3. Жеке тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербестігін дамытуға мүмкіндіктер жасау;
4. Дарынды баламен жұмыстың үздіксіздігі мен аналитикалылығына басшылық жасау;
Дарынды баламен жұмыстың негізгі әдісі – жүйелі ықпал болып табылады.
Дарынды баламен жұмыстың негізі мақсаты – мәдениет деңгейі жоғары, қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалдық тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:
1. Оқу- тәрбие үрдісін жеке тұлғаның өзіндік дамуына ықпал етуші жүйе ретінде үлгілендіру.
2. Инновациялық технологиялар мен әдістемелерді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Дарынды баламен жұмыс істейтін жеке бағдарламалар дайындау. (негізгі пәндер бойынша)
4. Ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Оқушының дарындылығын анықтауда мектеп психологінің орны ерекше. Оқушыны таңдау және оның жеке қабілетін дамыту бағытында жұмыс жасау мектептегі психологиялық қызметпен тығыз байланысты. Оқушы дарындылығы даму үшін мектепте психологиялық орта қалыптасуы қажет. Мектеп психологі педагогтар және оқушылар ұжымының психологиялық ахуалын, ата- аналардың мектептегі оқу-тәрбие үрдісі туралы көзқарасын зерттеп, даму, коррекциялау жұмыстарын жүргізеді, психологиялық көмек береді.
Оқушы дарындылығы мынадай психологиялық тест алумен айқындалады:
1. Тілге бейімділік – Айзенктің вербальдік қасиеттері зерттеу тесті;
2. Математикалық бейімділік – Аштхауэрдің алгоритмдік және арифметикалық қабілеттерін зерттеу субтесттері;
3. Оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін – Торренс субтесттері;
4. Оқушының интеллектуалды даму деңгейін анықтауға Тихомированың ұсынған интеллектуалды қабілеттерді анықтау әдістемелері арқылы жүзеге асады;
Осындай жүйелі жұмыстар жүргізу арқылы әр сыныптағы жалпы және арнайы қабілетті оқушылар анықталады.
Дарындылық түрлері:

№ Дарындылық түрлері Белгілері, айырмашылығы
1 Интеллектуалды ақыл-ой дарындылығы Негізгі түсініктерді тез қабылдайды, ақпаратты оңай есте сақтайды, өткір ақпаратты өңдеу қабілеті жоғары дамыған
2 Академиялық дарындылық Жеке пәндердегі жылдамдық нәтижесінің жоғарлығы, ауқымы тар пәндерден талаптылық көрсетеді
3 Шығармашылық дарындылық Әзіл- сықақшыл, талапшылдық назардың жоқтығы
4 Көшбасшылық дарындылық Шешім қабылдай алу, жауапкершілік, мақсаттылық, қозғалыстағы бағыттылықтың болуы
5 Көркемөнер орындаушылық дарындылық Көркем шығармашылық саласындағы жоғары жетістік, орындаушылық, музыкалық қабілеті жоғары
6 Психо- моторлық дарындылық Моториканы қажет ететін әрекетке ерекше қызығу, қозғалыстағы кең ауқымда меңгерген, спорттағы жетістіктер

Дарынды оқушының әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімінің ерте дамып, жоғары моральдік қасиеттерге ие болуы,достық ,әзілдік сезімінің басым түсуі.
Пән мұғалімдер дарын оқушылармен жүргізетін жұмысының мақсаты:
1. Өз жұмысын ғылыми тұрғыда жүргізе алатын оқушыны таңдау;
2. Шығармашылық тұлға қалыптастыру;
3. Оқушылардың дарындылығын зерттеуді дамыту;
4. Оқушы дарындылығын дамытудың тиімді жағдайларын жасау;
Міндеттері:
1. Дарынды баламен тиімді жұмыс істеуде әдістемелік тәсілдер мен психологиялық ерекшеліктер туралы ғылыми мәліметтерді зерттеу;
2. Әр түрлі салада жетістікке жеткен оқушыларды сабақта, сабақтан тыс уақытта мақсатты бақылауды жүргізу;
3. Дарындылықты айқындайтын материалдарды таңдау және арнаулы тесттер алу;

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
1. Аталған оқушылармен жұмыс жүргізу:
А) Күнделікті сабақта жаңашыл әдістерді қолдану, ғылыми әдебиеттерді пайдалану;
Ә) Оқулықтан тыс жұмыстар жүргізу;
Б) Пән бойынша күнделікті берілген оқулықтағы қосымша тапсырмаларды мұқият орындату;
2. Каникул кезінде қосымша жұмыс жүргізу;
3. Барлық сыныптарда өте жақсы, жақсы, дарынды оқушыларды басшылық етіп шығармашылық топ құру;
4. Сабақтан тыс қосымша әдебиеттерін оқуын, қосымша есеп жинақтарынан есеп шығаруын, т.б. жұмыстарын қадағалау;
5. Пән мұғалімдері берілген материалдарды кеңінен пайдалана отырып, аталған оқушыларға терең білім беру, олардың жан- жақты қалыптасуына, пәнге қызығуын, құштарлығын, ізденісін арттыру, факультатив сабақтарына қатыстыру;
6. Олимпиадаларға қатыстыру, түрлі интеллектуалды ойындарға қатыстыру;
7. Күнделікті баспасөздегі шығып жатқан газет- журналдармен тығыз байланыста болуын қадағалау, шығармашылық жұмыстарын жариялау;
Дарынды балаларды зерттеу картасы:


Дарынды және шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің ролі – білімді таратушы жай мұғалімнің қалыпты ролінен ерекшеленеді. Олардың міндеті білімді беру ғана емес, оқушының өзіндік мүмкіндігін ашуы тиіс. Дарынды баламен жұмыс істеуде оқушының өзіндік дамуына, бағалануына және ойлау дербестігіне көп көңіл бөлінеді. Бұл шығармашылық потенциалының айқындалуына мүмкіндік береді.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалім қасиет ерекшеліктерінің критерий төмендегідей:
1. Жоғары кәсіби біліктілік
2. Мейрімділік, сезімталдық
3. Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін байқау және қызығушылығы мен қажеттілігін сезіну
4. Интеллектінің жоғары болуы
5. Қызығушылығы мен білім, дағдының жан- жақтылығы
6. Мінездің белсенділігі
7. Өзінің көзқарасын өзгертуге даяр және үнемі өзін- өзі дамыту.
8. Шығармашылық немесе қалыптан тыс көзқарас.
9. Даралық қасиет
Сонымен, оқушылардың дарындылығын дамыту үшін оқу үрдісін және мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастырудың үлкен мәні бар. Мұғалімнің дарынды баламен жұмыс істеудегі ұстанатын ережесі, қағидасы:
1. Оқушының жауабы дәлелді, негізді болу, кез- келген жауаппен келіспеу.
2. Оқушымен таласты оңай жолмен шешпеу, дұрыс жауап, тәсілді хабарлау арқылы шешу.
3. Оқушыны зейін қойып тыңдау.
«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе,соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады.Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын, жасы үлкендер дұрыс,жеткілікті бағаламаса,оның «өзгелер сияқты»болып қалып қоюы мүмкін»дейді американдық ғалымдар.Ал Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен ,қабілеттерімен келеді.Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын-оқыту мен тәрбие.Сондықтан бала бойындағы асыл қасиеттерді ерте жастан танып ,дамытатын мұғалім болмақ.Дарынды баланың шығармашылық мүмкіндігін ашып, оған жетекшілік ететін оны қоршаған педагогикалық ,психологиялық, әлеуметтік орта.
Жас дарын терең ойлай білетін, ойлағанын есте сақтай алатын, кең ақылды, қиялы ұшқыр, тұрақты мінезді адам болып тәрбиеленсе оның шығар шыңы, көтерілер биігі шарықтай бермек.
Дарынды жас- ел болашағы, баға жетпес қазынасы. Болашақта егеменді еліміздің тарихын арқалап, болашағын айқындайтын дарынды жастар ғалым болуға талпынып, шығармашылық өрісте ілгері баса отырып, алған білімі мен тапқан жаңалығын елінің мәдениетін, рухын тәрбиелеуге бағыштамақ.
Қорытындылай келе , дарынды балалармен жұмысты басқаруды қалыптастыру тек қана барлық кезең жұмыстарын сапалы орындау, ғылыми басқару, үрдістің әрбір қатысушының жеке өндірістік мәдениеті арқылы жүзеге асады деп баса айтуға болады.
Категория: Книжная полка | Добавил: Айару6308 (06.02.2018) | Автор: Cара E
Просмотров: 9 | Теги: Муслимова Сагындыккызы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2018
    Сайт управляется системой uCoz